Аймақтық емдік өсімдіктер
Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Қызылсуат ауылының
№ 39 негізгі мектебі
Ғылыми зерттеу жұмысы
Тақырыбы: «Аймақтық емдік өсімдіктер».
Бағыты: Жаратылыстану. Өлкені тану.
Пән: биология
Орындаған: 6 сынып оқушысы
Жексенбаев Темирлан
Жетекшісі: Суюндикова Шынар Елубаевна
биология пән мұғалімі
2015-2016 жыл.
Тақырып: Өлкені тану. Емдік өсімдіктер.
- Жұмыс мақсаты:
- Биология мен экологиялық ұғымның негізін беріп, болашақтағы жұмыстарға ынтасын қалыптастыру
- Сабақтарда жобалап оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру және сабаққа қызығушылығын арттыру
- Экологиялық тәрбие бойынша көзқаратарың қалыптастырып, бала бойындағы дарындылықты ашып, туған жерін сақтай отырып, көркейтуге үлесін қосатын білім мен тәрбие беру.
- Зерттеу объектісі: өлкедегі емдік өсімдіктер
*Өсімдіктер дүниесі *Жоғары саты* Жабық тұқымды* *Қосжарнақты/Даражарнақты *Күрделі гүлділер тұқымдасы *Лалагүлділер тұқымдасы*
3. Зерттеу жұмысының кезендері:
- Мәлімет жинау
Оқулық, энциклопедия, ғаламтор, Ақмола облысынын Целирогдрад ауданының жергілікті турғындары .
- Өсімдіктерден кептірілген шөп, тұндырманы , тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, сығынды дайындау
- Өсімдікті кептіріп және сақтау, кеппешөп жасау
- Сыныптас оқушыларды жұмыспен таңыстыру
4. Зерттеу әдісі:
*зерттеу тақырыбында қатысты ақпарат беттерінде берілген мәліметтерді, биология оқулықтарды, берілген түсініктемелерді жинақтап талдау
*өсімдік туралы тарихи-дәстурлі турде қолданылатың ақпаратты турғылықты адамдардан жинақтау
*өсімдікті басқа аймақтардағы қолданылатың әдістер туралы ақпарат жинақтау
*дайындаған заттарды қолдану, эксперимент жасау
*нәтижелеріне сараптама жасау
5. Тақырыптық өзектілігі: өсімдіктерді зерттеп, табиғи таза өнімдерді қолданып алуан түрлі әдістерді пайдалана отырып денсаулығымызды сақтай білгеніміз жақсы.. Ұмытылып бара жатқан экологиялық таза өсімдіктерден қайнатпа, тұндырма және тағы басқа препараттарды жасалған жаңа көзқарастарымызды қалыптастырады. Қолымыздағы байлықты тек қолданып ғана емес, оны сақтай білу және ұрпақтарға жеткізуін тиістіміз.
Мазмұны
- кіріспе -------------------------------------------------------------------------
- негізгі бөлім------------------------------------------------------------------
2.1. ақпарат көздерімен жұмыс---------------------------------------------
2.2. өлкеде өсетін емдік қасиеттері бар өсімдіктертуралы мағлумат-
2.3. өлкеде өсетін емдік қасиеттері бар өсімдіктерді теру,жинау----
- Сарамандық бөлім---------------------------------------------------------
3.1. тәжірибие жасау----------------------------------------------------------
3.2. қолданылуы, дайындау------------------------------------------------------
- Қорытынды-------------------------------------------------------------------
- Пайдаланылған әдебиеттер------------------------------------------------
Кіріспе
Туған жерді сүю парыз,
Қасиетін ұғу парыз,
Сүю үшін білу парыз,
Күзетінде тұру парыз.
Жас ұрпаққа экологиялық білім беру, олардың табиғат пен адам өмірінің бірлігін терен сезінетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу міндеттері мен мақсаттары өз маңыздылығын бүгінгі танда жоймай, қайта одан әрі көкейкестілігімен сипатталуда.
Айналадағы қоршаған әлем зандылықтары туралы көзқарастар қалыптастыруда және осы негізде диалектикалық материалистік көзқарастар негізін, интеллектуалдық даму, гуманитарлық қатынас, еңбекке даярлық қалыптастыруда химия және биология жаратылыстану бағытталған пәндермен бірге оқытып үлкен қызмет атқарады.
Ата-бабаларымыз ертеде-ақ ұрпағының бойына қоршаған ортаға, табиғатқа деген құрмет сезімін қалыптастырып келген. Елді, жерді құрметтеу, дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра ретінде жалғасып сабақтасып жатқандығын:
Қылса да дұщпан қастығын,
Жолдасың бол жақсының,
Елді, жерді сақта деп
Балам саған тапсырдым
-деген аталы сөздерінен-ақ аңғаруға болады, соның ішінде туған жердің табиға-тын қорғап, келешек ұрпаққа сол қалпында жеткізу мақсатындағы ойла да мағыналы да өсиеттері әрбір халықтық мақал-мәтелдерін сезіліп тұрады.
Бағым өссін десең, бақ өсір,
Бағың өссе, тағы өсір,
немесе «Аққудың киесі бар, киіктің де иесі бар» деп отырып, табиғат байлығын сақтауды көздейді.
Табиғатта кездесетін келеңсіз көріністерге қинала қарайды
«Жер- ырыстың кіндігі
Білім- ырытың тізгіні»
«Елдің ерлігі-ерінен танылар
Елдің байлығы- жерінен танылар»;
«Күн түспеген жер көгермес,
Көсемі жоқ ел көгермес»;
«Баласыз болса- ел сарқылады,
Бұлақсыз болса көл сарқылады»;
«Еті тірі жігіт елінің намысын қорғайды,
Тоғайының қамысын қорғайды»- деп табиғат байлық қоймасы екенін түсіндіре отырып, болашақты оны қорғап, ие болатын азамат тәрбиелеуді мақсат еткен. Ата-бабаларымыз табиғат сырын ұрпағына түсіндіре отырып, өнегелі сөз өнері арқылы ұрпағын елді, жерді, қоршаған ортаны көздің карашығындай сақтауға, оны көркейтуге, табиғатқа үлкен сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеуге мақсат еткен. «Қоршаған орта- өз үйің» -дегендей атадан мұра болып бізге қалған, айналамыздағы өзімізді қоршаған табиғатқа, оның бүкіл байлығына құрметпен қарау, оны қорғап сақтау, сөйтіп, салауатты қоғам қалыптасуына үлес қосу-біздің әрқайсымыздың міндетіміз.
Бүгінгі танда президент Н.А. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» жарлығы, Қазақстан Республикасы «Қоршаған ортаны қорғау» Заңы (ХІІ бөлім, 63-65 баптар), ҚР білім беру жүйесінде «Экологиялық білім мен тәрбие беру» тұжырымдамасы (жоба) экологиялық білім беру бағыттарына арналды.
Биология және химия жаратылыстану ғылымы білімін беру жүйесінің маңызды бөлімдері және тығыз байлаңысты болғандықтан, оған көп міндеттер жүктеледі. Оларды шешу үшін оқытудын мақсаттарын, курстың құрылымы мен мазмұнын, оқытудың формалары, әдістерімен құрал-жабдықтарын, яғни әдістемелік жүйенің барлық компоненттерін жаңа көзқараспен қарау керек.
Жалпы орта білім беруде «Биология » пәнінің алатын өз орны бар: табиғат заңдылықтықтарын, дүниені ғылыми бейнесін түсініп, адам өзара қарым-қатынасын дұрыс қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Биологиялық білім мазмұңы тіршіліктін құндылығын, экологиялық мәселелерді маңыздылығын және салауатты өмір сүрудің қажеттілігін терең сезініп, қабылдауына мүмкіндік береді.
Мектептегі биология білімінің даму болашағы оқу материалының мазмұныңа қазіргі биология ғылымының жетістіктері мен даму бағыттарын енгізумен байланысты:
-тірі организмдердің тұқым құалаушылығы мен өзгергіштігінің генетикалық негіздерін молекулалық және жасушалық деңгейге зерттеу саласындағы жетіс-тіктер;
-өзекті экологиялық мәселелер;
- медициналық генетикалық, молекулярлық биологиялық және гентика, биотехнология, гендік инженерия, космостық биология, биосистематика, өсімдік пен малшаруашылығы, фармакология салаалрындағы жетістіктер.
«Биология» пәнінін негізгі мақсатың – тіршілік ең жоғары құндылық деп түсінетін, экологиялық және эволюциялық ойлау стилі қалыптасқан, дүниенің ғылым бейнесіндегі тірі табиғаттын, тіршіліктің орны мен мәнін сауатты жүйесін бағдарлайтын , биологияның ғылыми таңымдық әдіс- тәсілдерін, іргелі ұғымдар жүйесін қажетті деңгейде меңгерген және биологиялық білімін экожүйелермен тірі ағзалардың көп түрлігін сақтап қорғауға, салауатты өмір сүруге тиімді қолдану біліктері бар, биологиялық салауатты тұлға дайындап отырып әр сабақта экологиялық мәдениет, білім және тәрбие беруді өзімнің мұғалімдік мақсатым деп шешемің.
Заттар әлемін оқыта отырып химия пәнінде: олардың құрамын, құрылысын, бір заттын екінші затқа айналуын біле отырып, химия әлемін ғылыми түсінуге үлкен үлес қосуға тиіс. Химия тек табиғатты зерттеп қоймайды, ол оқушыларды практикалық іс-әрекетке қажетті білімдерімен қанықтырып, өз Отанымызға материалдық өндірісінің дамуымен таныстырады.
Осымен қатарында химиядан білім беруді маңызды мақсаттарының бірі күнделікті өмір сүруге қажетті және еліміздегі барлық халық шаруашылығы, мәдениет, ғылымның барлық салаларына қажетті химиялық білім мен білікті оқушыларға меңгеру болып табылады. Химиялық білім шикізатэнергетикалық, азық-түлік және медицина (денсаулық сақтау) мәселелерін шешуд химияның рөлі туралы нақты көзқарастармен, түсініктермен қамтамасыз етуі қажетпіз.
Химиялық және биологиялық білімдері экологиялық білімнің негізін қалыптастыруы, экологиялық сауаттылықты, қауіпсіздік тәрбиені қамтамасыз етуі- шарттың бірі. Ол үшін оқушыларды қоршаған ортаны қорғаудың (тірі және өлі табиғаттын қосындылары: жер, су, өсімдік, жануар, адам) негізгі бағыттарымен таныстырып, химиялық технологияның өнімдері мен зиянды процестерінің әсерлерінен сақтану; табиғи таза өнімдердің пайдалығын, қолжетімділігін, сапалығын, қолдану тәсілдері қарапайымдылығы, оның үстіне қосқанда материалдық тиымділігімен де біліммен қаруландырып жұмыс істеймін.
Жаратылыстану бағыты биология секциясында Олжабай Данагул оқушымен 2014 оқу жылында зерттеуді жоспар бойынша жұмысының бастап, бұгін Жексенбаев Темирланмен еңбегіміз жалғасуда.
Жұмыс мақсаты: «Биология сабақтарында жобалап оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру және сабаққа қызығушылығын арттыру» Тақырыбы: «Өлкені тану. Емдік өсімдіктер».
- өсімдіктерді зерттеп, табиғи таза өнімдерді қолданып, алуан түрлі әдістерді пайдалана отырып, денсаулығымызды сақтай білгеніміз жақсы.. Ұмытылып бара жатқан экологиялық таза өсімдіктерден қайнатпа, тұндырма және тағы басқа препараттарды жасалған өнімдерге жаңаша көзқарастарымызды қалыптастырады. Қолымыздағы байлықты тек қолданып ғана емес, оны сақтай білу және ұрпақтарға жеткізуге тиістіміз.
Қазіргі таңда өте өзекті тәрбиелік маңыздылық:
- Өлкені тану
- Табиғатты сүю
- Туған жерінді сақтап, байлығын бағалау.
Табиғат-зор байлық, ол-адам тіршілігінің көзі. Ауананың тазалығы көкжелектің көптігіне байланысты. Үйде, ауылдағы көшеде гүл, ағаш, көшет отырғызуды дәстүрге айналдыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтай білу, табиғат байлығын ұқыпты пайдалану, ұлттық тәлім-тәрбиені дамыту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру- бүгінгі күн талабы.
«Кең дала, шаңсыз ауа, таза қоңыс,
Иісі аңқып, бетімді сүйген самал желім»- осы С Торайғыров ағамыздың сөзімен болашақтағы сақталған табиғаттың көрінісі деп елестетемін.
Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс-тәсілдерге сүйеніп, жақсы дайындықтағы, жоғары ізденістегі сабақ жүргізсе өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастыра алары сөзсіз. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген данышпан Абай Құнанбаев. Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жоймақ емес. Озық ойлы білімдар адамдар әр заманда заманның дамуына өз үлесін қосуда, әлі де қоса бермек
ІІ. негізгі бөлім
2.1. ақпарат көздерімен жұмыс
- Итмұрын
Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер тұқымдастары
Күрделі жапырақтар (үшқұлақты) бүлдірген, құлпынай, таңкурай; қауырсын тәрізді күрделі: итмұрын, шетен, қараған; саусақ саласы күрделі: жатаған қазтабан және т.б. кездеседі.
Итмұрын жемістері құрама (көп) жаңғақшалы құрғақ жеміске жатады, тек гүлтабандары ғана шырынды болады. Тұқымдарында эндосперм болмайд, кей түрінде эндоспермнің қалдығы байқалады.
Итмұрын гүлінің формуласы – Т(5) К5 А8 Ж8.
Раушан – жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме. Итмұрын гүлінде аталықтар өте көп екенің байқаған боласындар. Олардың саны 100-ге жетеді екен. Адамның ерінбей еңбектенуі нәтижесінде соншама аталықтаркүотеге айналдырылды. Сөйтіп бұйраланған раушан гүлі пайда болды. Қазіргі деректер бойынша раушанның 25 000 іріктемесі шығарылыпта. Итмұрын өсімдігі бұта көп жылдық.
Күрделі гулділер тұқымдасы.
Мын жапырақ. Бақбақ. Дәрірік түймедағы. Түйежапырақ.
Күрделігүлділер тұқымдасы - кең таралған өсімдіктер, олардың биологиялық маңызы зор. Табиғатта гүлдердің түрлері өте көп, олар саналуан. Ортақ белгілері: гулдерінде тостағанша болмайды. Нағыз күрделі гүлді өсімдіктердің себетгүлі – гулшоғыры болады. Күлтесі 5 күлте жапырақшалардан құрылады. Олардың төменгі бөлігі түтікше тәрізденіп бірігіп, жоғары ұшындағы 5 тісшесі болады. Күлтенің түтікшесіне бітісіп өскен 5 аталығы бар. Тозандығы түтікшеге косылады. Жатыны төмен орналасады. Күрделі гілділерде бір ғана аналық болады. Жемісі айдарлы немесе айдарсыз тұқымшалар.Себет гүлінен тілше және түтікшелі гүлдерді көреміз.
2.Мын жапырақ
Гүл формуласы:Т(5) К 3+(2) А 1+(9)Ж1 Гүл формуласы: Т(5) К5 А ∞ Ж1.
Қазақстанның барлықоблыстарында жазық жерлеріндегі шалғындарда, ашық орандарда, жол жиегінде, сондай ақ, егістік алқаптарында арамшөп ретінде өсетін 11 түрі бар. С оның ішінде жиі кездесетіңі кәдімгі мынжапырақ(achillea milefolium). Оның биіктігі5-20, кейде 60 см-дей болады. Сабағы тік, жапырақтары қауырсын тәрізді, жиегі тілімделген, жатаған тамырлы. Ақ қызғылт түсті гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады.
3. Бақбақ себет гүлінде тек тілше гүлдер орналасады.
Формуласы Т0 К(5) А5 Ж(2).
Астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптекті өсімдік. Қазақстанда 59 түрі бар, оның 23 сирек кездесетін эндемик өсімдіктер болып саналады. Ең көп тарағандары : дәрілік бақбағы(Т.officinale), көксағыз бақбағы(T.kok-saghyz). Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 4-30см –дей сабағы құыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті, шырынды болады. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді, мамыр-маусымда жеміс береді. Жемісі дәнек, ол желмен тарайды. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады.
4.Дәрілік түймедағы *ϙТ0 К(5) А(5) Ж(2).
Биіктігі 35-40 см –ге жететін бір жылдық шөптекті өсімдік, тамыры нәзік, білеу. Бірен –саран бұтақталған сабақтары бар, кұрделі екі-үш қауырсынды тілімделген жапырыақтары сабақтарында кезектесіп орналасқан. Тілімделген жапырақшалары жінішке жіп тәрізді төменгі жапырақтары сабақтарын жартылай қоршап жатады. Гүлдері өте көп, себет немесе карзинке гүл шоғырын түзеді. Гүлдері тұтас немесе біршама үгітілген шар тәрізді гүлсебеттерден турады, гүл сағақтары 3 см –ге дейін болады, карзинкелері шеткі және ортанға сары түтікше гүлдерден турады. Гүл тұғыры қуыс, жартылай шар тәрізді немесе конус тәрізді себеттердің тілше гүлдері ақ түсті, түтікше гүлдерінікі сары, иісі күшті жұпар иісті, дәмі татымды, ащылау.
5.Түйежапырақ.
Басым бөлігі Қазақстанның құмды жерлеріңде, Арал өңірі мен Қызылқұмда кездесетін түйежапырақтың биіктігі 30-70см келеді, дегенмен біздің аумағымызда кездеседі. Тамыры ұзын, қара қоңыр қынапты, сабағы тік өседі. Сабақ түбіндегі жапырағы жатаған, өркен бойындағы жапырақтары ірі, ұзындығы 35 см, ені 50 см, пішіні дөңгелек, үщш жүйкелі. Гүлі ақ түсті, оның ұзындығы 3-4мм-дей. Гүлшоғыры шашақ болып, төгіліп тұратын – сыпыртқы. Сәуәр-мамыр айында жемісі піседі. Жемісі үш қырлы, қара қоңыр түсті, пішіні жүрек тәрізді. Түйежапырақтың тамырында іш жүргізетін антрогликозиттер, хризофен қышқылы, флавоноидтар, илік заттар бар. Жапырағын түйе, қой жақсы жейді.
6.Құртқа шаш
Тұқымдастар – дара жарнақты класына жататын көп жылдық шөп текті өсімдік. Ғаламшарымызда 1800 астам түрі бар. Олардың Қазақстанда 36 түрі өседі. Тамыр сабағы түйнектері болады. Жапырақтары қылыш тәрізді болып келеді. Гүлдері – ірі, қос жынысты, дұрыс кейде бұрыс гүлді. Құртқа шаштардың гүлсерігі жай күлте тәрізді болады. Гүлсерігі 6 жапырақшадан құрылған, күлте тәрізденіп, айқын көрінеді. Аталығы 3, 1 аналығы болады. Жемісі – 3 ұялы қауашақ. Гүлдің формуласы *Гс6 А3 Ж1 .
Қазақстанда сирек кездесетің лалагүлділердің 14 түрі Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген. Дәрі-дәрмек пайдаланады. Құртқашаштың гүлдеу уақыты түріне қарай көктемге немесежаздыңбасына сәйкес келеді. Табиғаттағы түрлері сәуір айындаертегүлдесе, көгалдандыруға түрлері мамыр, маусым айларында гүл жарады. Егер, өскен ортасы ыстық болса гүлденуі 15-20 күнге, ал ауа-райы салқын болса 25-30 күнге созылады. Бұл өсімдіктің басты қасиеті жаз маусымының (мамыр-қыркүйек айлары)гүлдеп, жеміс береді. Құртқшаштың мынадай түрлері кездеседі: сары құртқашаш(дәрілік өсімдік), жоңғар құртқашашы (жапырағынан щетка жасайды).
7.Жұмыршақ (пастушья сумка)
Кәдімгі жұмыршақтың (пастушья сумка обыкновенная-Capsella bursa- pastoris) ұсақ ақ гүлдері болады, жемістері қалта тәрізді үшбұрышты бұршаққыншалар. Жемісі тез пісіп жетіледі, әрі түскен дәндері бірден өседі. Тұқымнан сол жаздан өзіне тағы да жаңа өсімдіктер пайда болып жеміс береді. Бір жаздың өзінде кәдімгі жұмыршақ 3-4 ұрпақ береді. Сондықтан күзде жертаған жапырақтары бар көптеген жас өсімдіктерді кездестіруге болады.
Кәдімгі жұмыршақ халық емінде және ғылыми емдеуде кең қолданылады. Оның басты қасиеті қан тоқтату және әйелдер ауруында. Сондықтан кәдімгі жұмыршақ бүкіл жер бетіне түгел дерлік таралған. Ал кейбір түрлері өте көп мөлшерде тұқым байлайды. Мысалы сарбасқұрайдың бір түбіжылына 600-нан-11000 дейін аса үлкен болып өскендері тіптен 77 мыңға дейін тұқым береді. Сондықтан да орамжапырақтар тұқымдасының өкілдері егістіктің күресуге қиынәрі арамшөптері. Орамжапырақтар тұқымдасына төмендегідей мәдени өсімдіктер жатады.: орамжапырақ, тарна, бақша шомыры,шалқан, мал азықтық шалқан, дадылқ қыша, ақжелке және тағы да басқа.
- өлкеде өсетін емдік қасиеттері бар өсімдіктертуралы мағлумат.
- итмұрын
Кейбір түрлерінің құрамында апельсин мен лимоннан 10 есе көп дәрумен болады. Жеміс құрамындағы С витамині 2-ден 18%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ Р, К және В тобының витаминдері бар. Итмұрынның кептірілген - жемісі адамның тәуліктік мұқтаждағын қанағаттандыра алады
- Бақбақ
Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға гүлшоғырлары, жапырақтары пайдаланылады.
- Дәрілік түймедағы гүлшоғырларын кептіріп пайдаланады.
Залалсаздандыру, илік заттар бар. Сонымен қатар косметологияда қолданады.
- Түйежапырақтың тамырында іш жүргізетіңн антигликозидтер,
хризофен қышқылы, флавоноидтар, илік заттар бар. Дәрі жасау үшін рауғаштың сабағымен тамырын көктеде қазып алып пайдаланады. Асқазан, туберкулез т.б. ауруларды емдеуге қолданылады. ЖемісіненС витамині, дәнінен көмір сулар алынады.
- Құртқа шаш
Қазақстанда сирек кездесетің лалагүлділердің 14 түрі Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген. Дәрі-дәрмек пайдаланады. Германдық құртқашаш гүлсидамда иіссіз күлгін көк сары тусті гүлі жеке өседі. Гүл формуласы *Гс6 А3 Ж1 . Тамыр сабағы медецинада қақырық түсіретің дәрі ретінде
- Жұмыршақ (пастушья сумка) Кәдімгі жұмыршақ халық емінде
және ғылыми емдеуде кең қолданылады. Оның басты қасиеті қан тоқтату және әйелдер ауруында көмектеседі. Сондықтан кәдімгі жұмыршақ бүкіл жер бетіне түгел дерлік таралған.
- Кәдімгі мынжапырақ- дәрілік өсімдік. Қолданылуға өсімдіктің
гүлдегенде гүлшоғырын жинап кептіреді. Жүрек, қанайналым жүйесінде ахуалдары бар, қан қысымы т.б. қолданылады.
- 2.3. өлкеде өсетін емдік қасиеттері бар өсімдіктерді теру, жинау, сақтау:
шалғын далада Қызыл суат ауылынаң 5-10 км оңтүстігіне
қарай өсетін, таза, жолдан да басқа адам өмірінің жұмысынан алыс, жусанды, бақбақ, Дәрілік түймедағы, Түйежапырақ, Құртқа шаш, Жұмыршақ
өсімдіктерді жинадық. Өсімдіктердің гүлшоғырларың, тамырларын, тамырсабақтарын, толық өсімдіктерін, жапырақтарын, жинақтап, түйіп, сақтау үшін кептіруге салқын да қараңғы жерге қойдым.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды,
шай,ұнтақ тағы басқа түрінде қолданылады. Олардың көп деген қолдану әдістері бар.
- Сарамандық бөлім.
«Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз істегенімді – меңгеремін»- Конфуцийдің сөзіне сүйенсе
6 сыныптағы оқу бағдарламасы бойынша өсімдіктерді оқығанда женілдітілген түрде бастауға болады.
21- ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.
3.1. тәжірибие жасау
- А) шалғын далада Қызыл суат ауылынаң 5-10 км оңтүстігіне
қарай өсетін, таза, жолдан да басқа адам өмірінің жұмысынан алыс, жусанды, бақбақ, Дәрілік түймедағы, Түйежапырақ, Құртқа шаш, Жұмыршақ
өсімдіктерді мұғаліммен жинадық. Өсімдіктердің гүлшоғырларың, тамырларын, тамырсабақтарын, толық өсімдіктерін, жапырақтарын, жинақтап, түйіп, сақтау үшін кептіруге салқын да қараңғы жерге қойдым.
- Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды,
шай,ұнтақ тағы басқа түрінде қолданылады. Олардың көп деген қолдану әдістері бар.
Тұндырманы дайындау тәсілі: шамамен 0,5 л шыңыға өсімдікті ұсатып, толтырдым. Қайнаған суды ыдысым толғанша құйып, жаптым. 5-6 күн қаранғы жерде турған тұндырманы сырқыраған бұындарға жағып, қолдануға болады.
Қайнатынды жасау үшін кептірілген немесе жаңа жинаған шөпті шыны ыдысқа салып, орташа суы бар ыдыста қайнатуып (водяная баня), суытып , сүзіп қолданады.
Шай ретінде қолданғанда, шайдың орнына немесе басқа бір шайға шамалап қосып сусын ретінде ішеді.
- Қолданылуы, дайындауы
- Мен итмұрыннан дәрілік тұнба, қайнатынды, шай жасап қыста тұмаудың алдын алу үшін қолдандым.
- бақбақ гүлдеген кезінде сары гүлдерін теріп қант қосып қайнатым жасап ішеді. Көктемтегі дәрумен көзі болып табылады
- шашыңыз ұзын және әдемі болса десеңіз онда Дәрілік түймедағының қайнатындысымен шайыныз.
- Дәрі жасау үшін рауғаштың сабағымен тамырын көктемде қазып алып пайдаланады. Асқазан, туберкулез тағы басқа ауруларды емдеуде қолданылады. Жемісінен С-витамины, дәнінен көмірсулар алынады..
- Түйежапырақтың жапырақтарын аяқтын бұындары сырқырағанда бұынды орап қояды.
- Германдық құртқашаш -Тамыр сабағы медецинада тыныс алу мүшелерінің ауырғанда қақырық түсіретің дәрі ретінде қолданады
- Жұмыршақ қан тоқтатады
жұмыс бабында
- итмұрын
бақбақ
Дәрілік түймедағы
Түйежапырақ
Жұмыршақ (пастушья сумка)
ақ жусан
ІІІ. Қорытынды
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – 1. оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдайларда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
2.Өзіндік зерттеу жұмыстары шынымен де өзіндік болуы және оны орындаған кезде оқушы күштенуге түрткі болу керек. Бірақ мұнда шектен тыс жібермеу керек: оқытудың әр кезеңінде берілетін өзіндік жұмыстың мазмұны мен көлемі оқушылардың қолынан келу керек, ал олардың өздері - өзіндік жұмысты орындауға теориялық және практикалық жағынан дайын болу керек.
3. Басында оқушыларда өзіндік жұмыстардың қарапайым дағдысын
қалыптастыру керек. (Сызбалар, қиын емес тапсырмаларды қарапайым тәжірибелерді, бақылаулар мен өлшеулерді және т.б. орындау). Бұл жағдайда оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарына жұмыстың әдіс-тәсілдерін мұғалім көрнекі түрде тақтаға жазып, нақты түсініктемелер айтылуы керек. Мұғалім жұмыстың әдіс-тәсілдерін көрсеткеннен кейін оқушылардың орындаған өзіндік зерттеу жұмысы еліктеу болып келеді. Ол өзіндігін дамытпайды, бірақ қиындау дағды мен білімін, өзіндіктің жоғарғы формасын қалыптастыруда өте маңызды мәні бар. Мұнда оқушылар өздерінің оқу немесе өндірістік түрдегі тапсырманың шешімінің әдістерін жетілдіреді және қолдануға мүмкіндігі болады.
4. Өзіндік жұмыстарға дайын ережелер мен үлгілерді қолдануға жол берілмейтін, тек жаңа ситуацияда білімді қолдануды керек ететін тапсырмаларды (тұрғылықты жерде кездесетін өсімдіктер, экологиялық өзгерістер, химиялық заттардың құрамбөліктері тағы басқа да өлкетану бағытында сүрақтарға жауап іздеу) беру керек. Тек осы жағдайда өзіндік зерттеу жұмыстары оқушылардың ынтасы мен танымдық қабілеттерін қалыптастыруды ықпал етеді.
5. Өзіндік зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруда білімді, іскерлік пен дағдыларды меңгеріп алу үшін әр оқушыға әр түрлі уақыт керек. Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.
- бірінші жыл:
*тақырып таңдау,
*қолжетерлік шараларды жоспарлау,
*зерттеу тақырыбында қатысты ақпарат жинақтау, жүйелеу, ғаламтор беттерінде берілген мәліметтерді, энциклопедиядан, биология оқулықтардан, берілген түсініктемелерді жинақтап жүйелеу,
*аймақтық өсімдік туралы тарихи-дәстурлі турде өсіретің, жинап жасайтын, қолданылатың әдіст-тәсілдер, ақпарат турғылықты адамдардан жинақтау,
*өсімдікті басқа аймақтардағы өсіретің, жинап жасайтын, қолданылатың әдіст-тәсілдер туралы ақпарат жинақтау
*нәтижелеріне сараптама жасау
2) екінші жыл: тереңдетіп зерттеу мақсатында химиялық құрамын, оның жаңжақты әсерін зерттеу. Одан жалғастырғанда экологиялық жобаларды жоспарлап мүлдем жаңа нәтижелер алуға мүмкіндік беретін қазіргі теориялық әдістерді пайдалануы;
Ескі әдістерді пайдаланып жаңа нәтиже шығаруын жоспарлап іске асыру;
3) үшінші жылы жоба бойынша алға апаратын жоспар құрып, оқушылардың ертеңін қолжетерлік мақсаттары мен өздеріне ерекше тиымды, пайдалы іс құруға, патриоттық сезіммен отанымыздың өндірісіне үлес қосуға ықтимал беру.
Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жобалау технологиясының негізі. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-әрекет жасау.
4)Зерттеу әдісі:
*зерттеу тақырыбында қатысты ақпарат беттерінде берілген мәліметтерді, биология оқулықтарды, берілген түсініктемелерді жинақтап талдау
*өсімдік туралы тарихи-дәстурлі турде қолданылатың ақпаратты турғылықты адамдардан жинақтау
*өсімдікті басқа аймақтардағы қолданылатың әдістер туралы ақпарат жинақтау
*нәтижелеріне сараптама жасау
5)Тақырыптық өзектілігі: өсімдікті зерттеп табиғи таза өнімдерді қолданып алуан түрлі әдістерді пайдалана отырып денсаулығымызды сақтай білгеніміз жақсы.. Ұмытылып бара жатқан экологиялық таза өсімдіктерден қайнатпа, тұндырма және тағы басқа препараттарды жасалған жаңа көзқарастарымызды қалыптастырады. Қолымыздағы байлықты тек қолданып ғана емес, оны сақтай білу және ұрпақтарға жеткізуін тиістіміз.
Жетекші пікірі:
Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс-тәсілдерге сүйеніп, жақсы дайындықтағы, жоғары ізденістегі сабақ жүргізсе өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастыра алары сөзсіз. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген данышпан Абай Құнанбаев. Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жоймақ емес. Озық ойлы білімдар адамдар әр заманда заманның дамуына өз үлесін қосуда, әлі де қоса бермек.
Рецензия:
Бұл зерттеу жұмыста Қазақстанда елді мекенде өсетін өсімдктерді табиғи таза өнім ретінде қолдана отырып, тарихи дәстүрдегі және медицина саласында пайдалана білу, жалпы пайдалы да, үнемді де жолдарын қарастырып, пайдалызат ретінде болашақта өндіріске көсу.Қазіргі кезде дүниезүзіндегі дамушы және дамыған елдерде табиғат ресурстарын игеру нарықтық қатынастың бастамасы болып отыр. Нарықтық жағдайда табиғат ресурстарын өндіру, өндеу және пайдалану барысында жаңа экологиялық ұғымдар мен түсініктер оқушыларда қалыптасуда. Өнімнің құны бүгін қажетті зат емес, экологиялық таза өнім ретінде бағалануы тиіс.
Таза өнім өндіру үшін табиғи ортаның сапасын жақсартып, ластануға жол бермеу шаралары қатар жүргізілуі керек. Оқушылар өздері қолдарымен жинап, жасап, қолданып және нәтижесін коргенде, таза өнімнің пайдасы, үнемділігі мен ұтымдылығына қарай талдау жасап, көзқарастары дұрыс жолға бетбұрар.
- Пайдаланылған әдебиет:
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіру стратегиясы”
2. «Химик анықтамалығы» журналдары. №1 (15),2010 жыл, №2 (16),
2010 жыл.
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
4. А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту» Ғылыми-
әдістемелік журнал, №5-2009 ж
5. Интернет материалдары №72 «Gooqle» және №65 «Mail.ru» сайттары
2009 ж., 2013ж, 2014ж.
6. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. – Оқу құралы. / Б.А.Бірімжанов. –
Алматы.Білім, 2001ж.
7. экология оқу құралы 2009ж.
8. Атамұра «электрондық оқулық» 2013ж. Биология 6 сынып, биология 9 сынып
9. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 2012
10. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» Ә.Ә.Әметов, П.М. Мырзақұлов