Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Биология: оқушыларға арналған денсаулық сабақтары.

 

 

 Адам денсаулығы- мемлекеттік игілігі. Қоғам үшін дені сау,қандай да бір мамандықты саналы түрде таңдаған, нағыз еңбеккер тәрбиелеу- біздің еліміздегі жалпы және кәсіби білім беретін оқу орны реформасының басты міндеті.

Денсаулық -зор байлық. Әрбір адам өз денсаулығына саналы түрде қарау керек. Ең бастысы, аурудың алдын алған жөн. Дене жаттығуы және организмді шынықтыру арқылы ең жақсы нәтижеге жетуге болады. Осымен қатар дұрыс тамақтануды естен шығармауымыз керек. Бұның барлығы адамның жұмысқа қабілеттілігін арттырады және оның қорғаныш-бейімделу әрекеттерін жаттықтырады.

Сондықтан дене тәрбиесімен спортпен айналасу және дұрыс тамақтану әртүрлі аурулардың  алдын алады, әрі оларды емдеуге септігін тигізеді.

 


 
Объявление от Asia.kz:
Array

Салон красоты тараз

 
 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 

●Дұрыс тамақтанудың он екі ұстанымы

1) Əр түрлі тағамдық өнімдерді қолданыңыз,жануар тектес өнімдерге қарағанда өсімдік тектес өнімдерді көбірек қолданыңыз.

2) Нан,ұн тағамдары,дəнді-дақыл өнімдері,картоп күніне бірнеше рет қабылдануы қажет.

3) Күніне бірнеше рет жеміс-жидектерді қабылдаңыз.Күні бойы балғын жеміс-жидек болатын болсын.

4) Дене салмағы қалыпты мөлшерде болуы үшін (дене салмағының индексі 20-25) күнделікті аздаған дене жаттығуларын жасап тұру қажет.

5) Тағаммен түсетін майларды бақылау қажет (тəуліктік калориядан 30% аспауы керек) ,жануарлар майларын өсімдік майларына ауыстыру керек.

6) Майлы еттер мен ет тағамдарын ірі бұршаққа, дəнді-дақылдарға, балыққа,құс етіне жəне майсыз еттерге ауыстырыңыз.

7) Майлылығы төмен сүт өнімдерін қолданыңыз (айран,ұйыған сүт,йогурт,ірімшік)

8) Құрамында қанты аз тағамдық өнімдер мен сусындарды қолданыңыз.Қант пен басқа да тəттілерді шектеңіз.

9)Тұзды азайтыңыз.Тұз мөлшері күніне бір шай қасықтан аспауы қажет-5г.Йодталған тұзды қолданыңыз.

10) Егер спиртті ішімдіктерді қолдансаңыз, спирттің таза құрамы күніне 10 граммнан аспауы қажет.

11)  Дайындалған тағам қауіпсіз болуы қажет.Тұздың,майдың,қанттың мөлшерін көп талап етпейтін болғандықтан буда,қысқатолқынды пеште дайындалған, қайнатылған тағамдарды жиірек қолданыңыз.

12) Жаңа туылған нəрестелерді 6 айға дейін тек ана сүтімен қоректендіріңіз, 6 айдан соң қосымша тағамдарды біртіндеп қосыңыз.Емшекпен емізуді бала 2 жасқа толғанша жалғастыра беріңіз.

 
 
 
Пожаловаться на сайт