Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Биология: оқушыларға арналған денсаулық сабақтары.

 

 

 Адам денсаулығы- мемлекеттік игілігі. Қоғам үшін дені сау,қандай да бір мамандықты саналы түрде таңдаған, нағыз еңбеккер тәрбиелеу- біздің еліміздегі жалпы және кәсіби білім беретін оқу орны реформасының басты міндеті.

Денсаулық -зор байлық. Әрбір адам өз денсаулығына саналы түрде қарау керек. Ең бастысы, аурудың алдын алған жөн. Дене жаттығуы және организмді шынықтыру арқылы ең жақсы нәтижеге жетуге болады. Осымен қатар дұрыс тамақтануды естен шығармауымыз керек. Бұның барлығы адамның жұмысқа қабілеттілігін арттырады және оның қорғаныш-бейімделу әрекеттерін жаттықтырады.

Сондықтан дене тәрбиесімен спортпен айналасу және дұрыс тамақтану әртүрлі аурулардың  алдын алады, әрі оларды емдеуге септігін тигізеді.

 


 
Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 

Зат және энергия алмасу

Қызыл суат ауылы №39 НМ

8 сынып оқушы

Кенжегалиева Асем Амановна

 

 

                          Зат және энергия алмасу

Зат алмасу-тірі организмдерге тән қасиет.Қоршаған ортамен зат алмасу-барлық тірі организмдерге тән негізгі қасиеттердің бірі. Адам организмінің жасушаларында бір зат түзіліп,басқа зат ыдырайтын күрделі химиялық реакциялар үздіксіз жүреді. Мысалы, сыртқы ортадан тамақпен  бірге түскен күрделі органикалық  қосылыстар  асқорту жолында   жай қосылыстарға дейін ыдырайды. Нәруыздар аминқышқылдарына,көмірсулар глюкозаға,  майлар глицерин мен май  қышқылдарына  дейін энергия бөліп ыдырайды.Олар қан  мен  лимфаға  өтіп, біздің  денеміздің  мүшелерінің  барлық  жасушаларына жеткізіледі. Жасушаларда  біздің организмімізге тән нәруыздар,  майлар  мен  көмірсулар  биосинтезінің химиялық  реакциялары  жүреді. Бұл биосинтезге күрделі  органикалық  қосылыстар  ыдырағанда   бөлінген энергия жұмсалады. Яғни, биосинтезбен  бірге бұрын синтезделген заттардың  ыдырауы  жүреді. Демек, бір  процесс  барысында энергия жұмсалады және жинақталады,ал келесі процесс барысында, керісінше энергия бөлінеді.

Осылай  организм  сыртқы  ортадан  оттек, органикалық заттар, минералды тұдар мен су алады. Сыртқы ортаға зат  алмасудың соңғы  өнімдерін:көмірқышқыл газын, су  мен минералды тұздардың артық мөлшерін, сондай-ақ  несепнәр (мочевина), зәр қышқылының  тұздары  мен  басқа  заттарды бөледі. Демек, организм   мен сыртқы  орта арасында  зат және  энергия  алмасу  үздіксіз  жүреді, оның негізінде  өзара  тығыс  байланысты,  бір-бірінен  ажырағысыз  екі процесс жатыр. Бұл- пластикалық алмасу  және  энергетикалық  алмасу.

Пластикалық  алмасу- биосинтез  реакцияларының  жиынтығы;  жаңа жасушалар, олардың  органоидтері  иен жасушаарлық заттардың  түзілуіне  және  энергия  жинақталуына  жұмсалатын  жай  заттардан  күрделі  заттардың түзілуі. Пластикалық  алмасу  есебінен жасушаның  бөлінуі, дамуы  және  өсуі жүзеге асады. 

Энергетикалық  алмасу- жасуша құрамына  кіретін  органикалық  қосылыстардың  энергия бөліп, тотығуы  мен  ыдырауы  жүретін  кері процесс.

Пластикалық  және энергетикалық  алмасу  процестері бір мезділде жүреді,  олар  өзара  тығыз  байланысты, бірақ  жүру  қарқыны бір-біріне тең емес. Себебі, жас  кезде  организм  өседі  әрі  дамиды, оның  жасушалары  қарқынды  бөлінеді. Бұл  кезде  пластикалық  алмасу  басым  жүреді.

     Қартайған  кезде, керісінше, энергетикалық  алмасу   басымырақ  жүре  бастайды.

Органикалық  қосылыстардың  алмасуы

           Нәруыздардың алмасуы.Нәруыздар- организм  ұлпасы  жасушаларының  түзілуіне  қатысатын  негізгі  құрылыс  материалы.

      Бұлшық  ет  ұлпасының  нәруыздары  қозғалыш  қызмет (бұлшық ет жиырылуы) атқарады.

Наруыздар адам денесінің  25% массасын  құрайды. Олар аминқышқылдарынан тұрады. Табиғатта  аминқышқылдарының, шамамен, 300-ден астам  түрі белгілі. Оның ішінде, шамамен, 20 аминқышқылы нәруыз молекуласының  түзілуіне  қатысады.

       Нәруыздар  асқорту  жолына  түсекнде  химиялық  өзгеріске  ұшырайды. Асқазанда  күрделі  нәруыздар  қарапайым  нәруыздарға  дейін, ал ашішек бөлімінде  аминқышқылдарына  дейін  ыдырайды. Аминқышқылдары  ашішек  бүрлері  арқылы  қанға сіңіріліп, жасушаларға  жеткізіледі. Жасушаларда аминқышқылдарынан организмге, белгілі бір ұлпаға тән нәруыздар синтезделеді.

        Организм жасушаларында кейбір аминқышқылдары  басқа аминқышқылдарынан  түзілуі мүмкін. Бірақ алмастырылмайтын  аминқышқылдары  деп  аталатын  түрлері де  болады. Олар адам организмінде  синтезделмейді, сондықтан тамақпен бірге  түсуі керек. 

        Құрамында алмастырылмайтын  аминқышқылдары   бар нәруыздар толыққұнды  деп  аталады, олар жеңіл сіңіріледі  және  өсімдіктекті  тағамға  қарағанда  жануартекті  тағамда  көбірек  болады. Ет, балық,жұмыртқа, бұршақ дақылдарында нәруыздер  көп, ал өсімдіктекті   өнімдерде аз. 

      Нәруыздар ыдыраған кезде энергия (17,6 кДж) бөлінеді, түзілген аммиак, несепнәр, зәр қышқылы,  көмірқышқыл   газы  мен  су  организмнен зәр мен  тер, тыныс алғанадғы  дем арқылы  сыртқа  шығарылады.

       Адамдар  нәруыздар  қорға  жинамайды.артық нәруыздар  майлар  мен көмірсуларға айналады. Бірақ  майлар  мен  көмірсулардан  нәруыздар түзілмейді, себебі олардың  құрамында оттек, сутек және көміртектен  басқа нәруыз синтезіне  қажет  азот  болмайды.

Майлардың алмасуы.  Майлар өсімдіктекті  және жануартекті  тағамдар құрамына кіреді. Олар  адам  денесі  массасының 10-20%-ын  құрайды.  Асқорту  жолында  ферменттер әсерінен  майлар  глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырайды. Ашішек бүрлерінде олардан  организмге тән майлар түзіледі. Түзілген  майлар  лимфаға, одан қанға  түсіп, ұлпа  жасушаларына тасымалданады. Организмде синтезделген  майлардың  бір  бөлігі  жасуша  мембранасы  мен органоидтерінің түзілуіне жұмсалады, басқа бөлігі  қорға жиналады.

        Майлар тері  астындағы клетчаткаға, бүйрекке, басқа мүшелер  аймағына  жиналады  және олардыорганизм қорек  жетіспегенде жұмсайды.  Майлар   энергия  көзі  болып  табылады. 1г май көмірқышқыл газы мен суға дейін толықыдыраған кезде, 38,9 кДж энергия бөлінеді, яғни нәруыздар мен көмірсулар ыдраған  кезде  түзілетін энергияға қарағанда  екі есе көп энергия бөлінеді. Май ұлпасы организмді механикалық зақымданудан қорғайды және жылуреттегіш болып табылады

Органикалық қосылыстардың айналымы

                                                                     НӘРУЫЗДАР  

                                                      КӨМІРСУЛАР             МАЙЛАР

Көмірсулардың  алмасуы.Көмірсулар организмге,негізінен,өсімдіктекті  тағамдармен,сондай-ақ аз мөлшерде  жануар текті тағаммен түседі . Олар дене массасының 1-2%-ын  құрайды . Азықтық тағам құрымына кіретін  көмірсулар адам организмінде  глюкозаға дейін  ыдырайды.  Глюкоза қанға түседі де, бүкіл  организмге тасмалданады.  Глюкозаның артық мөлшері гликоген түұрінде бауырда, бұлшық етте қорға жиналады.Басқа бөлігі  жасуша  ядросы мен  цитоплазмасының құрамына кіреді және жүйке жүйесінің (ми) қалыпты іс –әрекеті үшін маңызды рөл атқарады.Қандағы глюкоза  мөлшері салыстырмалы түрде тұрақты және 0.08-0,12% -дан аспайды.

Қанда глюкоза мөлшері төмендегенде , мысалы,  дене жұмысы кезінде  гликоген бауырда глюкозаға дейін ыдырайды да , қанға түседі. Бұл процесс  ұйқы безінен бөлінетін инсулин және глюкагон гормондары арқылы реттеледі. Көмірсулар  органимзмде  , сондай-ақ нәруыздар мен майлардың ыдырау өнімдерінен синтезделеді. 1г көмірсу ыдырағанда 17,6 кДж энергия бөлінеді.Энергияның бір бөлігі дене еңбегіне жұмсалады да, жылу көзі  болып табылады,ал белгілі бір бөлігі АТФ синтезіне жұмсалады. Организмде көмірсулардың   артық мөлшері майларға айналады.

Көмірсулардың алмасу сызбанұсқасы

Асқорту ферменттері

 

 

 

 

Өсімдіктекті  тағам(крахмал)+ Қант 

Глюкоза                

 

 

Бауыр гликогені

Қанға

 

 

Су мен минералды  тұздардың  алмасуы.Адам организмінде  органикалық қосылыстардаң  алмасуымен  қатар  су  мен минералды тұздардың  алмасуы да жүреді.

Су  организмде әртүрлі  заттардың  еріткіші рөлін  атқарады. Ол   дене  массасының  60-65%-ын  құрайды. Су жасушааралық сұйықтық, цитоплазма, қан плазмасы мен  лимфа құрамына кіреді.Адам тамақ ішпей 40-50 күн, ал сусыз бірнеше күн  ғана тіршілік ете алады. Қоректік заттардың  ашішекте сіңірілуі, оларды жасушалардың  ұлпа сұйықтығынан  сіңіруі  және  жасушалардан  алмасу өнімдерінің  шыгарылуы тек  еріген күйінде  әрі судың қатысуымен  жүзеге асады. Су организмдегі барлық биохимиялық  реакцияларға  қатысады. Ересек адамның суға деген тәуліктік  қажеттілігі 1,5-2 л құрайды. Су организмге  сусын ішкенде және тамақ құрамымен  түседі. Организмнен су бүйрек, тер, өкпе арқылы шығарылады.

 

Минералды заттар  организмде  тұздар  және  олардың  иондары  түрінде болады. Олар зат алмасуға қатысады, жасушаға әртүрлі химиялық  қосылыстардың  түсуіне және олардың шығарылуына әсер етеді. Мысалы, йод қалқанша без гормонының, темір гемоглобин молекуласының құрамына  кіреді және оттек  пен  көмірқышқыл газының тасымалдануына қатысады. Кальций және фосфор  тұздары сүйек құрамына  кіреді. Күкірт апен мырыш ұйқы безі гормондарының құрамында болады. Калий мен натрий  жасуша мембранасының таңдап өткізу қабілетіне әсер етеді. Хлор тұз қышқылының  құрамды бөлігі болып табылады және асқазан сөлінің құрамына кіреді. Адам денесіндегі минералды заттардың  жалпы мөлшері, шамамен, 4,5%  құрайды. Осы элементтердің барлығы организмге тамақ, су және ас тұзымен түседі. Темір көкөністер мен жемістерде, етте және жұмыртқа сарыуызыда  көп. Темір жетіспегенде қаназдық  дамиды. Йод өсімдіктекті өнімдерде, әсіресе теңіз қырыққабатында көп. Йод жетіспегенде, қалқанша без ауруы-зоб дамиды. Кальций көп мөлшерде  сүтте, ірімшікте, жұмыртқада болады. Сонымен, минералды тұздар- энергия көзі  емес және қоректік заттар болмаса да, олардың организм үшін маңызы зор. Балаларда минералды тұздар  алмасуының  бұзылуы  олардың  өсуі мен дамуының  кешеуілдеуіне апарып соғады.

 

 

Пайдаланған әдебиет:

8 сынып арналған биология оқулығы Алматы 2016 ж.

 
 
 
Пожаловаться на сайт