Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Биология: оқушыларға арналған денсаулық сабақтары.

 

 

 Адам денсаулығы- мемлекеттік игілігі. Қоғам үшін дені сау,қандай да бір мамандықты саналы түрде таңдаған, нағыз еңбеккер тәрбиелеу- біздің еліміздегі жалпы және кәсіби білім беретін оқу орны реформасының басты міндеті.

Денсаулық -зор байлық. Әрбір адам өз денсаулығына саналы түрде қарау керек. Ең бастысы, аурудың алдын алған жөн. Дене жаттығуы және организмді шынықтыру арқылы ең жақсы нәтижеге жетуге болады. Осымен қатар дұрыс тамақтануды естен шығармауымыз керек. Бұның барлығы адамның жұмысқа қабілеттілігін арттырады және оның қорғаныш-бейімделу әрекеттерін жаттықтырады.

Сондықтан дене тәрбиесімен спортпен айналасу және дұрыс тамақтану әртүрлі аурулардың  алдын алады, әрі оларды емдеуге септігін тигізеді.

 


 
Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 

Тамақтың калориялығы.

Қызыл суат ауылы

№39 негізгі мектебі

8 сынып оқушысы

Зейнуллаева Айжан

 

Тамақтың калориялығы.

    Адам организімі энергияны тек дене еңбегі үшін ғана емес, сонымен қатар тыныштық кезіндеде жұмсайды. Тыныштық кезінде – ұйықтағанда, демалғандаэнергия организімнің қызмет етуіне – жүрек соғуына, тыныс алуға, дене температурасын сақтауға, бұлшық ет пен ми жұмысына және т.б. процестерді қамтамасыз етуге жұмсалады. Дене салмағы қалыпты, дені сау адам әр сағатта дене салмағының әр килограмына 1 килокалория энергия жұмсайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.

    Зат алмасу мен энергияның бөлінуі өмір сүрудің негізгі және тірі материяның маңызды белгісі болып табылады. Міне, тірі табиғат өлі табиғаттан осымен еркшеленеді.

   Зат алмасу (метаболизм) – жоғары интеграцияланған және мақсатты процесс. Организмге түсетін тағамдық заттар күрделі химиялық өзгерістердің нәтижесінде тірі организм ұлпаларының заттарына айналады. Тағамның керексіз қалдықтары организмнен бөліп шығару мүшелері арқылы сыртқа шығарылады.

    Осылайша зат алмасу процесі нәтижесінде қажетті энергия бөлініп, тірі организмнің өмір сүруін қамтамасыз етеді.

  Негізгі алмасудың шамасы тыныштық күйде дене салмағы 70 кг ерлерде (20 жас) 1600-1700 ккал – ны құрайды (70 кг х 24 сағ. Х 1ккал), әйелдерде бұл шама 1300-1400 ккал-ға тең (60 кг х 24 сағ. Х 1ккал). Ал дене және ой еңбегі қосымша энергия шығындарын талап етеді. Қызметкер мен үй күтушісіне негізгі алмасуға қосымша 1000-1200 ккал энергия қажет (1600 + 1200 = 2800).     Механикаландырылған немесе ауыр дене еңбегімен айналысатын адамға энергияға деген қажеттілік одан 2-2,5 есе көп. Сондықтан да тағам шығындалатын энергияның мөлшеріне сәйкес етіп, әрі оны толықтырылып тұруы керек.

    Тағамның құндылығы оның энергетикалық бағалығымен сипатталады және тамақ рационында белоктың, май мен көмірсудың болуын қамтамасыз етуі қажет. Тамақтың калориялығы организімнің тәуліктік шығынынан 10%-дан аспауы қажет. Тамақтың шамамен 90% -ы қорытылатындығын естен шығармау керек. Тамақтың калориялығы энергияның шығындалуынанан үнемі 300 калорияға асып отырса, мысалы, тамақ рационында тәтті тоқаш – 100 грамм болса, тәулігіне қорға жиналатын май мөлшері 15-30 грамға артып отырады. Әр тағамның өзінің белгілі бір энергетикалық құндылығы болады.

Қоректік заттарды (нутриенттерді) – белоктар, майлар, көмірсуларды төмендегідей мөлшерде пайдалану қажет:

  Белоктарды тәулігіне 85-90 грамм (дененің 1 кг салмағына 1 кг салмағына 1 грам мөлшерінде) қабылдаған дұрыс, мұнда белоктардың 35-40 %-ы жануар текті болуы тиіс. Бала организміне қажеттілік дененің 1 кг салмағына 1,5-2 грамды құрайды.

  Майларды  тәулігіне 80-100 грамм пайдалану қажет. Оның жартысы өсімдік текті болуы керек.

  Көмірсуларды тәулігіне 400-500 грамға дейін пайдалану қажет.

Мұнда 350 грамм крахмалдың және 50-100 грамм моно – дисахарид түрінде болады. Біздің білетіміздей, организімге қабылданатын көмірсулардың негізгі мөлшері энергетикалық қажеттілікке жұмсалады. Организімнің өз майлары негізінен көмірсулардан синтезделеді. Көмірсулардың мөлшері көп болған жағдайда, әсіресе гиподинамия – аз қозғалу жағдайында көмірсулардан майларды синтездеу есебінен семіру пайда болады.

1 грамм белок ыдырағанда 4,1 ккал, ал көмірсудан дәл сондай энергия бөлінеді. 1 грамм май ыдыраған кезде түзілетін энергия мөлшері 9,3 ккал.

    Тәуліктік рационның энергетикалық құндылығын анықтау үшін негізгі тағамдық заттардың құрамын есептеу қажет, ал содан кейін белоктар мен көмірсулардың мөлшерін 4,1 ккал-ға, ал майлардың мөлшерін 9,3 ккал-ға көбейту қажет.

Тәуліктік рационның құндылығын қоректік заттардың калориялық коэффицентінің көмегімен анықтауға болады:

  Қалыпты жағдайда: белок – 90г х 4,1 ккал/г = 369 ккал.

  Май – 100 г х 9,3 ккал/г = 930 ккал.

  Көмірсу – 500 г х 4,1 ккал/г = 2050 ккал. Қорыта келгенде, тәуліктік энергетикалық құндылығы 3349 ккал құрайды.

  Организімнің калориялық шығыны көптеген факторларға – жасқа, жынысқа, еңбек түріне, дене еңбегінің қарқындылығына байланысты. Энергияның тәуліктік шығыны тамақпен бірге қабылданатын негізгі қоректік заттардың түсуі есебінен, яғни белок, май, көмірсумен толықтырылады.

Энергияға тәуліктік қажеттілік орташа 3000-3500 ккал-ны құрайды.

   Орындалатын жұмыс сипатына байланысты энергиялық шығындар бойынша 4 топқа бөлінеді:

  1. Дене еңбегімен аз айналысатындар үшін 3000-3500 ккал қажет.
  2. Дене еңбегімен орташа айналысатындарға – 3200-3500 ккал.
  3. Жоғары дене еңбегімен айналысатындарға – 3500- 4000 ккал.  
  4. Аса қиын дене еңбегімен айналысатындарға 4000 және одан да көп ккал қажет.

 Тәулік бойындағы тағамдық рационның жалпы калорияғы былайша бөліну қажет: таңертеңгі ас 25%, түскі ас 35%, бесінді ас 15%, кешкі ас 25%-ды құруы қажет.

 

Сұрақтар:

  1. Нутриенттер дегеніміз не?
  2. Организм энергияны не үшін пайдаланады?
  3. Адамның негізгі алмасуының шамасы қалай анықталады? Негізгі алмасудың шамасы қандай?
  4. Организм бір сағат ішінде дененің 1кг салмағына шаққанда қанша ккал энергия жұмсайды?
  5. Адамның қандай іс – әрекеттері энергия шығынын жоғарылатады?
  6. Тәулігіне қоректік заттарды пайдаланудың шамамен мөлшері қандай?
  7. 1 г белок, 1 г май және 1 г көмірсу ыдыраған кезде қанша энергия бөлінеді?
  8. Тәуліктік рационның шамасы қалай анықталады?
  9. Тағамдық рациондағы калориялық қажеттілік қалай бөлінеді?
  10. Тағам калориялығы дегеніміз не және ол неге байланысты?
  11. Жұмыстың қандай түрлері бар және оған сәйкес энергия шығындары қандай болады?

 

Қолдалынған әдебиет:

  1. Салауаттану оқулық   2010ж
  2. Биология оқулық 2013ж
 
 
 
Пожаловаться на сайт