Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Биология: оқушыларға арналған денсаулық сабақтары.

 

 

 Адам денсаулығы- мемлекеттік игілігі. Қоғам үшін дені сау,қандай да бір мамандықты саналы түрде таңдаған, нағыз еңбеккер тәрбиелеу- біздің еліміздегі жалпы және кәсіби білім беретін оқу орны реформасының басты міндеті.

Денсаулық -зор байлық. Әрбір адам өз денсаулығына саналы түрде қарау керек. Ең бастысы, аурудың алдын алған жөн. Дене жаттығуы және организмді шынықтыру арқылы ең жақсы нәтижеге жетуге болады. Осымен қатар дұрыс тамақтануды естен шығармауымыз керек. Бұның барлығы адамның жұмысқа қабілеттілігін арттырады және оның қорғаныш-бейімделу әрекеттерін жаттықтырады.

Сондықтан дене тәрбиесімен спортпен айналасу және дұрыс тамақтану әртүрлі аурулардың  алдын алады, әрі оларды емдеуге септігін тигізеді.

 


 
Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 

Салауатты өмір салты туралы түсінік.

08. 02. 2017

     Қазіргі кезде медицинаның жетістіктері мен тіршілік жағдайларының жақсаруына қарамастан, ауру адамдардың саны әлі де көп. Әрбір адам денсаулықтың зор байлық екенін біледі.

     Денсаулық - адамның дене, психикалық және әлеуметтік саулығы, жоғары еңбек қабілеттілігі және әлеуметтік белсенділік жағдайы. Адам өз денсаулығына әрқашан жауапкершілікпен қарай ма?

     Дұрыс тамақтанбау: тамақты артық ішіп-жеу, жиі ашығу, жөнсіз диета, кез келген уақытта тамақ ішу, құрғақ және сапасыз тамақ- осының барлығ асқорыту мүшелерінің ауруларына себепші болады.

    Аз қимылдау, компьютер алдында ұзақ отыру, үстелде дұрыс отырмау тірек-қимыл жүйесінің бұзылуына, көрудің нашарлауына апарып соғады.

     Соңғы кезде денсаулықтың бұзылуына жасөспірімдер арасында темекі тарту, спиртті сусындарды ішу, есірткілік заттарды пайдалану сияқты зиянды әдеттер себепші болуда.

      Әрбір адам бала кезден өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын болса, онда денсаулығын едәуір дәрежеде сақтап әрі нығайтып қана қоймай, ұзақ өмір сүрер еді. 

Реклама:

Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 
 
Пожаловаться на сайт